12:48, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Әскери борышын өтеуге шықырылған мемлекеттік қызметкердің жұмыс орны сақталады - Ә.Бәйменов
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Әскери борышын өтеуге шықырылған мемлекеттік қызметкердің жұмыс орны сақталады.

Бұл туралы бүгін Астанада мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов айтты.
Агенттік төрағасының айтуынша, мемлекеттік қызметшінің орны үш жағдайда сақтап қалынады. Олар - әскери борышын өтеуге шақырылғанда, машықтанудан өтуге жіберілгенде және оқуға кеткенде.
Сөз соңында Ә.Бәменов бұл жағдайдар әлеуметтік демалыс болып есептелетінін атап өтті.