Әскери инфрақұрылым қалай жаңартылып жатыр – вице-министр жауабы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында кеңес армиясының стандарттарына сәйкес құрылған әскери инфрақұрылым қалай жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министр орынбасарының мәліметі бойынша, армияны цифрландыру бағытында биыл мынандай іс-шаралар жоспарланған:
- Құрлық әскерін автоматтандырылған басқару жүйелерінің арнайы бағдарламасын сатып алу;
- басқару пунктерін және жауынгерлік басқару орталықтарын қажетті ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылыммен жарақтандыру;
- деректер беру көліктік желісінің жабдығын сатып алу;
- Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде монтаждау және іске қосу-реттеу жұмысын жүргізу.
«Қазіргі әскери инфрақұрылым кеңес армиясының стандарттарына сәйкес құрылған. Бүгінгі таңда біздің алдымызда армияны трансформациялау жөнінде күрделі тапсырма тұр. Біз жаңа гарнизондарды, әскери қалашықтарды бұрын олар болмаған жерде салып жатырмыз. Ел аумағын жедел жабдықтау жөнінде іс-шаралар орындалуда. Оқ-дәрілерді сақтауға арналған қауіпті объектілер елді мекеннен тысқары жерлерге орналастырылуда. Әскери қызметтің беделін арттыру және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда», - деп жазылған жауапта.