Әскери казармаларды толықтай бейнебақылау камераларымен қамту жұмыстары қашан аяқталады

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар аясында жұмыс істеп жатыр. Бұл жөнінде Мәжілістің кулуарында ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.

әскер
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

– Бізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың кешенді жоспары бар. Биыл жыл соңына дейін не келесі жылға дейін барлық казармаға бейнебақылау орнатылады деп ойлаймын. Сонымен бірге, жасанды интеллект енгізіліп, ол деректерге талдау жүргізеді, – деді Асқар Мұстабеков.

Айта кетейік, бұған дейін Қарулы күштерде жаңа трансформация орталығы іске қосылғанын және әскери логистика цифрланатынын жазғанбыз.