Әскери колледж кадеті өзіне оқ атып, мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өзіне оқ атып, мерт болды.

сарбаз
Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген хабарламада.