Әскери қызмет өткеруден жалтарғандар қылмыстық жауапқа тартылады - Қарулы күштер маманы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әскери қызмет өткеруден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты көздейді. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Әскери қызмет – ол еліміздің егемендігін сақтау негізі. Ал жастарға тәрбие беру, оларды Отанды қорғауға даярлау тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, бірінші кезекте барлық қоғамның маңызды міндеті болып саналады. Әскери қызмет әрбір ер азаматтың заңмен белгіленген міндеті, ал оны өткеруден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты көздейді», - деді Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.

«Көп жағдайда азаматтар әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселесін шешу үшін әскерге шақыру комиссиясына еш қатысы жоқ, осы мәселені шешуге құзыретті емес алаяқтарға жүгінеді. Сондықтан, ақша талап ету, туындаған мәселені шешуді ұзаққа созу және басқа да сыбайлас жемқорлық көрінісі бар барлық жағдай бойынша жедел шара қабылдау және туындаған жағдай бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс министрлігі мен құқық қорғау органдарының сенім телефондарына хабарласу қажет», - деді департамент бастығы.


Соңғы жаңалықтар