«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң қабылданды - Сенат

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін  ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жалпы отырыста «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңды қабылдады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң қабылданды - Сенат

Аталған құжат бойынша ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақов баяндама жасады.

Заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және әскери қызмет, сондай-ақ әскери қызметшілердің мәртебесі саласындағы құқықтық олқылықтарды жою, олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы заң жобасымен әскери қызмет өткеру бөлігінде біртекті қоғамдық қатынастарды реттейтін «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан заңдарының нормалары бірыңғай Заңға біріктіріледі.

Заң жобасымен жүзеге асыратын қызметінің сипатына қарай әскери қызметшілердің мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Сондай-ақ, әскери қызмет өткерген кезеңінде оларға мемлекет есебінен қызметтік тұрғын үй беру немесе тұрғын үй жалдағаны үшін шығыстарды өтеу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі көзделеді.