Әскери қызметкерлер АЛЖИР мемориалдық кешенінде болды

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери полициясы Бас басқармасының басшылары Ақмол ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемориалдық кешенінде болып, жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етуді ұйымдастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ескерткіш бұрын Малиновка аталған ауылға тұрғызылған. Өйткені, дәл осы жерде өткен ғасырдың 30-шы жылдары АЛЖИР ? Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері аталатын тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын концлагерь болған. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери полициясы Бас басқармасының келісім-шарт бойынша қызмет ететін сардарлары мен сарбаздары 30-шы жылдардың құрбандарын еске түсіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар тарихи орындарды аралап көрді. Әрине, алдыңғы буын өкілдері сол кездегі солақай саясаттың зардабын тарихтан жақсы біледі. Ал, жастардың барлығы аталған оқиғаны тереңінен біле бермейді. Сондықтан да, әскери қызметкерлердің мемориалдық кешенге өздерімен бірге балаларын да ала келгені құба-құп болды. Қазақ даласында орын алған осынау жан түршігерлік оқиға туралы деректі әңгімені жастармен қатар үлкендердің өзі де жандары күйзеле тұрып тыңдады. КарЛаг аумағы және оның бөлімшесі саналатын АЛЖИР-ді және басқаларын қоса есептегенде, көлемі жағынан Франция жерімен пара-пар екен. Бір кездегі лагерлердің болғаны Қазақстан тарихына өшпестей болып жазылған. Дегенмен Кеңес Одағының барлық республикалары, қазіргі ТМД елдері отызыншы және қырқыншы жылдары бір жарым миллион саяси тұтқынның, 1 миллион 300 мың қоныс аударуға ұшырағандардың біздің елге күштеп әкелінгеніне Қазақстанның кінәсі жоқ екендігін жақсы біледі. Бұл күндері көпшілік келетін орынға айналған мемориалдық кешен сол кездегі ел басшыларының қатыгездігін ғана еске түсіріп тұрған жоқ, сонымен қатар мұндай саясатқа ендігі жерде орын болмайтындығын да ескертіп тұр. Тарих куә, мұндай озбырлықтар ешқашан да ұмытылмайды. Ал, тірілер оны мәңгілік ұмытпайды...
Соңғы жаңалықтар
Референдум