Әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы шешімін тауып келеді

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - ҚР Ішкі әскер қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы шешімін тауып келеді. Бұл туралы бүгін брифингте Ішкі әскер қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықов айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ішкі әскер қолбасшысының айтуынша, қызметкерлер үшін былтырғы бюджет бойынша 20-дан аса пәтер сатып алынды. «Былтыр соттың шешімімен үй алуы тиіс әскерилердің барлығы баспаналы болды», деп атап көрсетті ол. Қызмет үйлерімен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқын алып отыр. Павлодар қаласында 107 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Сол өңірдегі әскери гарнизонның барлық әскерилері баспаналарға орналастырылды. Курчатов қаласында бұрынғы Семей полигонының аумағын күзететін әскердің құрамында офицерлер мен шарт бойынша жұмыс істейтін әскерилер жаңадан салынып біткен 48 пәтерлі үйге ие болды. Тараз қаласында 80 бөлмелі жатақхана тапсырылды.«Басқа өңірлердегі бөлімшелерде жұмыс жасап жүрген қызметкерлерге баспана беру бәсеңдемек емес», деп атап көрсетті Р.Жақсылықов.Сонымен бірге 2009 жылы қаңтардың бірінен бастап шарт негізінде қызмет атқаратын әскерилердің жалақысы 25 пайызға арттырылды.
Соңғы жаңалықтар