Әскери қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленбейтіні туралы сыбыстар негізсіз - ҚР Қорғаныс министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленбейтіні туралы сыбыстар негізсіз, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес, 10 жылдан кем емес уақытқа келісімшартқа тұрған баспанаға зәру әскери қызметкерлерге 2013 жылдың 1 қаңтарынан бері қызметтік баспана беру қарастырылған, баспанамен қамтамасыз еткенге дейін тұратын жері болмаса, оны жалға алғаны үшін оның төлемақысын төлеу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылған.
«Қызметтік баспана қорын толтыруды тездету үшін қатарласа жүргізіліп жатқан жүйеде жалдамалы баспананы оны соңынан ҚР Қорғаныс министрлігінің меншігіне сатып алу мәселесі де қаралуда. Соған қарамастан, жалдамалы баспана 10 жылдан кем қызмет еткен әскери қызметкерлерге де 2013 жылдың 1 қаңтарынан беріледі, себебі әскери қызметкерлердің қалған санатындағыларға жалдамалы баспана жекешелендіру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді», - деп хабарлады қорғаныс ведомствосынан.
Бұл механизм жалдамалы тұрғын үйді ҚР Қорғаныс министрлігіне ұсыну шарасымен біртіндеп енгізіледі және көрсетілген санаттағы баспанамен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесімен қатар жүзеге асырылатын болады.
Әскери қызмткерлерді баспанамен қамтамасыз етуге байланысты осы заңнамамен бекітілген құқықтарына шектеу қойылмайды.