Әскери қызметшілер арасында тэквондодан республикалық чемпионат өтеді

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 6-сында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы әскери басқару және қылмыстық іздестіру органдары Үйлестіру Кеңесінің, Әскери-спорттық клубтар федерациясының қолдауымен әскери қызметшілер арасында тэквондодан Қазақстан Республикасының 3 чемпионаты өтеді.

Әскери қызметшілер арасында тэквондодан республикалық чемпионат өтеді

Бұл ақпаратты еліміздің Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі таратып отыр.

Баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, 2010 жылғы әскерилердің әлем чемпионатына іріктеу ретінде өтетін жарысқа Құрлық әскерлерінің әскери институты, Аэроұтқыр әскерлері, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті, Алматы қалалық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Ішкі әскерлердің «Бүркіт» арнайы бөлімшесі, Атырау облыстық кедендік бақылау департаменті, «Динамо» дене шынықтыру спорттық қоғамының Жамбыл облыстық филиалы, Батыс Қазақстан университеті Ақтөбе филиалының әскери кафедрасы, Алматы қалалық әскери-спорт клубы командалары қатыспақ.