Әскери қызметшілер ардагерлердің естеліктері негізінде ҰОС тарихы жайлы ерекше кітап құрастырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы тарих мәліметтер жиналып, «Біздің заманның батырлары» атты кітабы құрастырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Кітаптың тұсаукесер салтанаты Семей қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы қазақстандық әскери қызметшілердің мұражайында болып өтті. Авторлар кітапты құрастыру барысында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың, Жеңіске жетудегі халқымыздың қосқан үлесін барынша толық ашып көрсетуге тырысты. Аталған туындыны жазуда Ұлы Отан соғысының тарихы, аты аңызға айналған кеңестік әскери қолбасшылардың естелік жазбалары, сондай-ақ деректі мәліметтері, көркем фильмдер мен әдеби шығармалары жете зерделенді. Кітап авторлары сол кезеңдегі нақты оқиғаларды дәлме-дәл және анық жеткізу үшін Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлермен кездесіп, естелік әңгімелерін жазған. Кітап құрастырушыларының сөзіне сүйенсек, бұл шығарма әр оқырманға Ұлы Отан соғысындағы сұрапыл шайқастың ерекше көріністерін ашып, Ленинград түбіндегі кеңестік әскерлердің ерен ерлігін суреттейді, сондай-ақ, Шығыс-Прусск, Қырым, Берлин түбіндегі және басқа да шабуыл операциялары туралы мәліметтерді кеңінен жеткізеді. ҰОС даңқты батырларын үлгі-өнегесі еліміздегі жас буын өкілдерін әскери-отансүйгіштікке тәрбиелеуге септігін тигізеді. «Біздің заманның батырлары» кітабының тұсаукесер рәсімі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орйластырылып отыр. Жақында Семейдегі Мемлекеттік медицина университетіндегі әскери кафедраның әскери қызметшілері де оқырмандарын жаңа кітаптың шығуымен қуантатын болады. Жаңа кітап Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуына 25 жыл толуы қарсаңында шығарылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар