Әскери қызметшілер әйелдер қауымын құттықтау үшін ерекше ВИДЕО түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Халықаралық әйелдер күнімен барша нәзік жандылар қауымын әдеттегіден ерекше құттықтады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Әскерилер әскери тұрмыста қолданылатын әртүрлі заттардан «8» санын жасап, бейне құттықтау әзірледі. «Сегіз» саны десантшылардың қос көгілдір беретінен, әскерилердің жауынгерлік дулығалары, компастар мен дүрбілерден құрастырылды.
Сондай-ақ осындай символ автоматтар мен тікұшақтың кабинасында байқалады. Тіпті, жауынгерлік дөңгелек техникасының миналары мен шиналарынан, спорттық снарядтар мен әскери музыканттардың музыкалық аспаптарынан құрастырылады. Көктемгі мерекенің нақышы, яғни, «8» саны бейне құттықтауда 30 рет қайталанады.