Әскери қызметшілер Қазақстанның өңірлеріндегі соғыс ардагерлерін құттықтады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскери қызметшілер бүкіл Қазақстанның Ұлы Отан соғысы ардагерлерін жаңа 2015 жылмен және Жеңістің 70 жылдығымен құттықтауларын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Тараздағы гарнизондық офицерлер үйінде майдангерлер құрметіне салтанатты іс-шара өтіп, құттықтаулар мен сыйлықтар ұсынылды, концерт қойылды. «2015 жылы біз айтулы мерейтой - Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Сіздерді жаңажылдық мерекемен құттықтау - біз үшін асқан құрмет, өйткені біз сіздердің жауынгерлік тәжірибелеріңізді қастерлейміз, біз үшін сіздер үлгі тұтар тұлға болып табыласыздар. Жас жауынгерлер Сіздерден қаһармандық пен ерлік тәлімін алады», - деді ардагерлерге сөз арнаған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Марат Құсайынов. Жамбыл облысында 350-ге жуық Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Әрбір ардагерге әскери бөлімдер, бекітілген. Олардың қолбасшылығы майдангерлерге үнемі барып тұруды ұйымдастырады. Әскери қызметшілер гарнизондық офицерлер үйіне келе алмаған ардагерлердің үйлеріне барды. Оларға бүкіл «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің атынан сыйлықтар табыс етілді. Ал Семейдегі зейнеткерлерге қызмет көрсететін оңалту орталығында майдангерлерге өңірлік қолбасшылықтың әскери оркестрі концерт сыйлады. Ақтауда әскери қызметшілер қарттар үйінде тұрып жатқан соғыс ардагерлері Гаврил Герасимов пен Иван Матвеенконы құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар
telegram