Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері сенбілікке қатысуда

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - «Біз - таза қала үшін!» ұранмен Астанада экологиялық айлық шеңберіндегі жалпықалалық сенбілік өтуде. Ал, Қарулы Күштер оны бүкілармиялық сенбілік деп атап отыр,
None
None

деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сенбілікке барлық буындағы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Әскерилер өздеріне бөлінген аумақтарды тазалап, ағаштарды түптеді, ақтады.

- Астана - біздің ортақ үйіміз, оның тазалығы әрбір қала тұрғынына қатысты, - дейді әскери қызметшілер бірауыздан.

Елордалық әскерилер өздеріне жүктелген тапсырмаларды ұқыпты атқарып, қала тазалығына лайықты үлестерін қоса білді. Олар бұл жолы да сенбіліктің ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан керемет дәстүр екенін тағы бір дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум