Әскери қызметшілердің 184 отбасы пәтер кілтін алды
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін әскери қызметшілердің 184 отбасы ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің қолынан жайлы пәтерлердің кілтін алды,
деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әскер қызметшілер 2007 жылдың желтоқсан айында басталып, 2009 жылғы қыркүйекте, дер кезінде құрылысы аяқталған тоғыз қабатты үйден пәтерлер алды. Бұл үйде 48 автомошинаға арналған жерасты автотұрақ бар.
Атап өтерлігі, ағымдағы жылдың өзінде Алматы, Приозер, Қапшағай және Сарыөзек гарнизоны әскери қызметшілерінің отбасылары жайлы пәтерлер алды.
Өткен жылы 1266 пәтер пайдалануға берілді және жалпы көлемі 75 шаршыметрлік жатақханалардан бөлмелер берілді.
2009 жылдың соңына дейін Алматы, Шымкент, Тараз, Семей, Қостанай қалаларында әскери қызметшілер үшін пәтерлер сатып алу жоспарлануда.