10:40, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Әскери қызметшілердің жауапкершілігі күшейтілмек
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланады.
Бұған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің шығарған қорытындысы негіз болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасы Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасы тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі қылмыстық жазалауды алып тастауға және әскери қылмыстардың кейбір құрамдарын әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына ауыстыруға бағытталған. Атап айтқанда, олардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаған кезде бір әскери қызметшінің екінші әскери қызметшіні қорлауы, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетуі, сол сияқты дәлелді себептерсіз бір айдан астам мерзім ұзақтығымен қызметке келмеуі әкімшілік жазалауға әкеп соғады.