Әскери қызметшілердің жауапкершілігін нығайтатын жоба бірінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасы еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Сонымен қатар, құжат тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі қылмыстық жазалауды алып тастауға және әскери қылмыстардың кейбір құрамдарын әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына ауыстыруға бағытталған. Атап айтқанда, олардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаған кезде бір әскери қызметшінің екінші әскери қызметшіні қорлауы, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетуі, сол сияқты дәлелді себептерсіз бір айдан астам мерзім ұзақтығымен қызметке келмеуі әкімшілік жазалауға әкеп соғады. Сондай-ақ әскерилер арасында бағынбаушылық, яғни қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірмейтін, белгіленген тәртіппен берілген басшы бұйрығын орындаудан ашық бас тарту шаралары бойынша да жазалар ұсынылады. Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылады.
Соңғы жаңалықтар