Әскери қызметшілерге тұрғын үйге өтемақы алу жеңілдетілді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № 538 Қаулысына қол қойылды.
None
None

Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тұрғын үйді жалға алғаны (жалдағаны) үшін мақсатты өтемақы алуға өтемақы төлеу тетігі жеңілдетілді. Өтемақы алуға қажетті құжаттар әзірлеу үш құжатқа азайтылған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Патент, шот-фактура, фискалды чек және басқа да құжаттарды ұсыну туралы талаптар өзгертілді. Енді өтемақы алу үшін әскери қызметшілер үйді жалға алғаны (жалдағаны) туралы, тұрғын үйге мұқтаждығы расталатындығы жөнінде және отбасының құрамы белгіленген анықтама өткізуі қажет.

Және де аталған өзгертулер бұған дейін патенті жоқ кәсіпкерлермен келісімге отырған әскери қызметшілерді қамту мақсатында 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Соңғы жаңалықтар