Әскери міндетін өткергендер Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына емтихансыз қабылданады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылдан бастап мерзімді әскери міндетін атқарған жастар Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына емтихансыз қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифнгіде Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылдан бастап мерзімді әскери міндетін өткерген азаматтар Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу емтиханын тапсырмай қабылданады. Бұл ретте, бұл азаматтарды қабылдау Қарулы күштердің бөлімдерінде бұрын жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады», - деп мәлім етті департамент башысы.

Жұмабек Ахметовтың айтуынша, қазір министрліктің әскери бөлімдерінде іріктеу жүргізілуде. Мерзімді әскери қызметті өткергендер үшін талапкерлердің жалпы санынан 25 пайыздық квота бөлінеді.


Соңғы жаңалықтар