Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілді

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі  әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекітті.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 27 маусым №859  Астана, Үкімет үйі

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы  

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. МӘСІМОВ

Қағидалар мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланған.