Әскери музыканттар Астанадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады (ФОТО)

Әскери музыканттар плац-дефиле көрсетіп, өздерінің көркем өнерімен балаларды тәнті етті. Әйгілі «gangnam style» орындалған кезде жас көрермендер әртістерге қосыла ән шырқап, би биледі. «Бүгін Әскери оркестрдің өнерін тамашалайтын тамаша мүмкіндік алдық. Мұндай үлкен өнер ұжымы бізге бірінші рет келді. Осы концертті ұйымдастырушыларға, дирижерларға өнерпаздарға уақыт тауып бізге келгені үшін, балаларға қуаныш сыйлағандары үшін алғыс айтамыз», - деді Балалар үйі директорының орынбасары Оксана Дзюба. Балалар үйінің тәрбиеленушісі Игорь Островский болашақта әскери музыкант болғысы келетінін айтып, арманымен бөлісті. Игорь қазірдің өзінде үрмелі аспаптар класында оқиды. Әскери оркестрдің белгілі әншісі Бауыржан Исаев Әскери қызметшінің өнері қандай болса да құрметке лайық деп есептейді. «Осы балалардың кейбіреулерін Қарулы Күштер қатарында көрсем қуанышты болар едім», - деді ол.