Әскери оркестрлердің «Бейбітшілік кернейі» фестивалі плац-концертпен аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының алдындағы алаңда ШЫҰ қатысушы мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кеңесі аясында «Бейбітшілік кернейі» фестивалінің ғаламат плац-концерті өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ШЫҰ елдері әскери үрмелі оркестрлерінің «Бейбітшілік кернейі» үшінші халықаралық фестиваліне қатысушылар қазақтың ұлттық әуендеріне мән берді. «Біз концерттік бағдарлама және плац-концерт түрінде өнер көрсеттік. Біз үшін бұл фестиваль өзіміздің мәдениетімізді көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге тәжірибе бөлісу үшін жақсы мүмкіндік. Әлбетте, өзге елдің сахнасында әрбір оркестрдің өз өнерлерін ортаға салуы өте жауапты іс. Биыл біз «Қара жорға» биін алып келдік. Қазақстан мен Қырғыз елінің халқы бұл әнге би билейді. Біз бұл нөмірді плац-концертімізге қосып,  осылайша, біздің халықтарымыздың бауырластығы мәңгі екендігін көрсеткіміз келді», - деді Қырғыз Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Армия орталық үйі әскери  оркестрінің бастығы, капитан Дастан Жұматай уулу. «Оркестрлердің дайындық деңгейі өте жақсы. Хас шеберліктеріне сөз жоқ. Осы фестивальға жоспарланған барлық дүниені орындап шықтық.  Біз - халықаралық фестивальдарға үнемі қатысып тұрамыз. Қазақстанның атын шығарып, жоғары деңгейді көрсетеміз. Осы жылы барлық күш-жігеріміз аталмыш фестивальға дайындалуға бағытталды. Сондай-ақ «Мәскеуде өтетін Спасск мұнарасы» фестиваліне қатысуды жоспарлап отырмыз», - деп ҚР ҚК ҰӘПО Орталық әскери оркестрінің бастығы, аға лейтенант Алмас Ибрагимов.

ШЫҰ қатысушы елдері әскери музыканттарының ғаламат байқауына Қырғыз, Қытай, Ресей, Тәжікстан мен Қазақстанның әскери оркестрлері қатысты. 

 

2 3 4 

Соңғы жаңалықтар