Әскери парадқа байланысты елорда көшелерінде қозғалыс шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отан қорғаушы күніне орайластырылған әскери парадқа дайындық және оны өткізу кезінде 5 мамырдан бастап елордада Тәуелсіздік даңғылының Байтұрсынов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 
None
None

7 мамырда Астанада келесі бағдар бойынша автокөлік қозғалысы шектеледі:

40-шы станциясынан -Байырқұм көшесімен - Қошқарбаев к-сіне дейінгі жолайрыққа дейін,

Қошқарбаев көшесіндегі жолайрықтан Б. Момышұлы даңғылына дейін,

Сондай-ақ, Тәуелсіздік даңғылы Б. Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін,

Ш. Қалдаяқов көшесі - М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін,

Нәжімеденов көшесі - Ш. Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін,

Байтұрсынов к-сі - Қошқарбаев к-сінен Сарыкөл к-сіне дейін, Қошқарбаев көшесі,

Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшсі дейін және Б. Момышұлы көшесі - Сәтпаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін,

Сондай-ақ, 11 автобус бағдарының жүру бағыттары өзгертілді: 2, 3, 4, 14,19, 21, 26, 29, 32, 40, 61. Көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында жүргізушілер жолды алдын ала жоспарлаған жөн.

7 мамырда елордада ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парад өтеді.

Соңғы жаңалықтар