Әскери парашютшілер түнде және жүк контейнерімен бірге секіріп жаттықты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштері Парашюттік дайындық орталығының «Первомайский» әуеайлағында арнайы парашюттік дайындық бойынша қазақстандық ӘӘК парашюттік-құтқару қызметі жеке құрамының жиыны өткізілді.

Әскери парашютшілер түнде және жүк контейнерімен бірге секіріп жаттықты (ФОТО)

Жиынға 53975 әскери бөлімі, Аэроұтқыр әскерлері және арнайы бөлімшелердің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметтің әскери қызметшілері тартылды.

Парашюттік жиын барысында 3 мың метр биіктен ашық парашютпен кідірте отырып секіру және түн ішінде дайындалмаған алаңға секіру, сондай-ақ жүк контейнерімен секіру орындалды.

«Жиын бағдарламасы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес толық орындалады. Жиын парашюттік оқиғаларға алғышарттарсыз және жарақатсыз жақсы ұйымдасқан деңгейде өтуде», - деп мәлімдеді ҚР ҚК ӘҚК Парашюттік даярлық орталығының бастығы, подполковник Леонид Дудкин.

Жиын 26-29 сәуір аралығында Парашюттік дайындық орталығының базасында өтеді. Орталықтың жеке құрамы Орта Азия өңіріндегі ірі барлық сайыстарға қатысып марапатқа ие болған әрі халықаралық аренада танылған. 20 жылдың ішінде команда спортшылары халықаралық додаларда 350 медаль иеленген. Оның 83-і алтын. Бапкерлік ұжым халықаралық дәрежедегі 18 спорт шеберін дайындаған.

2 3 4 5 6 7