Әскери полициядағы сынақ мерзімі мен тағылымдамадан өту ережесі қайта қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әскери полиция органдарында сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту ережесі қайта қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери полициядағы сынақ мерзімі мен тағылымдамадан өту ережесі қайта қаралды

Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің «Әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жаңартылған жобасын дайындады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электронды үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде 13 наурызға дейін танысуға болады.