Әскери прокуратура органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери прокуратура органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды ведомство сайты.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен:
әділет подполковнигі Есжан Әріпұлы Сыбанбаев Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды;
Қызылорда гарнизонының әскери прокурорлығына Талдықорған гарнизоны әскери прокурорының орынбасары қызметін атқарған әділет майоры Қасен Жүсіпұлы Рахматулин тағайындалды;
Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры қызметіне, алдын Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары қызметінде болған әділет подполковнигі Тимур Жиенғалиұлы Аңдамасов тағайындалды;
әділет подполовнигі Нұрлан Сапарбекұлы Алпысов Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Бас әскери прокурордың қарамағына енгізілді.