Әскери прокуратура соғыстан басқа жағдайда мерт болған әскери азаматтардың тізімдерін жария етті

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Әскери прокуратура Қорғаныс министрлігінің өткен жылы соғыстан басқа жағдайда мерт болған қызметкерлерінің тізімдерін жария етті.

 Әскери прокуратура соғыстан басқа жағдайда мерт болған  әскери азаматтардың тізімдерін жария етті

Өкінішке орай, қайғылы мәліметтер өткен жылғыдан бір жарым есеге көп болып отыр.

Бұл туралы «Экспресс К» басылымының тілшісі Наталья Васильева басылымның бүгінгі санындағы «Өлімші етіп зорлаған» атты мақаласында жазады.

 Ол келтірген деректерге қарағанда, өткен жылы Қарулы Күштер мен өзге де әскери бөлімшелер мен құрылымдарда 123 әскери азамат мерт болған. Оның алдындағы жылы әскер саласында қаза тапқандар 86-ны құраған. Алайда ол кезде 33 адам  қандай да бір аурулардың салдарынан көз жұмған. Өткен жылы жол-көлік оқиғалары кезінде алған дене жарақаттарынан 42 адам мерт болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 31 болған.

 Сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын қадағаламаудан 6 адам көз жұмған. 2010 жылғы бұл көрсеткіш - 5. Бұған қоса аталғандардан өзге де оқиғалардың салдарынан мерт болғандар 15-ті құрап отыр. 2010 жылғы көрсеткіш 18 болған. Министрліктің мәліметтері бойынша 2011 жылы жауынгерлердің өздеріне өздері қол салуының 21 фактісі тіркелген. Олардың 4-уі әлімжеттіктің кесірінен болған. 2010 жылы әскерде 17 адам  суйцидке бой алдырса, оның тек 2-уі ғана әскери жарғыда көрсетілмеген әрекеттердің салдарынан орын алған. Биылғы жылы әскери азаматтардың өлімі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған.