Әскери шеру кезінде Астананың бірқатар көшелері жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 мамыр күні әскери шеру кезінде Астананың бірқатар көшелерінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлады ІІД Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметінен.
«7 мамырда таңғы сағат 05:00-ден Отан қорғаушылар күніне арналған шаралардың аяқталуына дейін барлық көліктердің қозғалысы келесі көшелерде шектеледі:
Тәуелсіздік көшесінің бойымен Мұңайтпасов көшесінен № 46 ( «Хэлли Бэрри» мектебі) көшеге дейін,
Сарайшық көшесі - Түркістан көшесімен қиылысы тұсынан М-1 көпіріне дейін,
Байтұрсынов көшесі - Б.Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін,
Қошқарбаев көшесі - Б. Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін,
Аманжолов көшесі - Қошқарбаев көшесінен Нәжімиденов көшесіне дейін,
Сығанақ көшесі - Түркістан көшесінен М3 көпіріне дейін,
Ш.Қалдаяқов көшесі - бойында М-3 көпірі аумағынан Тәуелсіздік даңғылына дейін,
Тоқпанов көшесі - Шарль де Голль көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейін», - делінген баспасөз хабарламасында.
Көлікті келесі жерлерге қою ұсынылады: «Оқушылар Сарайы», «Қазақстан» СК, ІІМ, Жұмабаев көшесінің бойында, Айнакөл көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін, «Нұр Астана» мешітінің маңындағы тұраққа.
Әкімшілік полиция басқармасы көлік иелерінен бағыттарын алдын-ала жоспарлауды немесе бұл күні көлік басқарудан бас тартуды сұрайды.