Әскери сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істі қайта қарады

сот
Фото: Kazinform

ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұзақылық ниетпен екі адамның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген әскери қызметші Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады. Бұл жайында аталған соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Бірінші саты үкімімен Нұрасыл Болатқа 500 АЕК – 1 7125 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған болатын. Зардап шегушілердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіріліп алынды.

Сот айыпталушы Н.Болат биылғы 11 ақпанда сағат 02.00 шамасында «Ева» түнгі клубының жанында бұзақылық ниетпен жәбірленуші ерлі-зайыпты Ч.-ларға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіргенін анықтады.

Сотталушының кінәсі өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен дәлелденді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім мемлекеттік баж сомасы бөлігінде 1 725 теңгеге дейін төмендетілді. Сонымен қатар сотталушыдан зардап шегушінің пайдасына өкілінің апелляциялық сатыда сотқа қатысқан қызметіне төлеген 400 мың теңге шығыны өндіріліп алынды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Н.Болат Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан еді.

Осы жылдың қазанында Алматы қалалық әскери сотының үкімімен Нұрасыл Болат ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 1 млн 700 мың теңге айыппұл тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар