Әскери спорттың туы жоғары - ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубының Бурабайдағы оқу-жаттығу орталығы базасында биатлоннан Қазақстан Республикасы чемпионатының 2-ші кезеңі аяқталды,

Әскери спорттың туы жоғары - ҚР Қорғаныс министрлігі

деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жарысқа Қазақстанның әртүрлі өңірінен 7 команда қатысып, бақтарын сынады. Олардың қатарында Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан (Семей, Риддер) және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары бар. Додаға қатысқан 72 спортшының 13-і Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамына кіретін әскери спортшылардан тұрады.

«Жарыс жоғары ұйымдастырушылық жағдайда және спорттық-техникалық деңгейде өткізілді.Оған қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін толық көрсете білді. Жеңіске деген ұмтылыстарымен тәнті етті", - деп атап өтті баспасөз қызметі.