«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ның жұмысын кеңінен таныстыру мақсатында байқау жарияланады

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ағымдағы жылғы қаңтардың 23-і мен наурыздың 20-сы аралығында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ның жұмысын кеңінен таныстыруға арналған байқау өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш байқаудың мақсаты ? «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» ғылыми-зерттеу ұйымының жұмысын кеңінен таныстыратын журналистерді ынталандыру және марапаттау. Бірінші орын алған жеңімпазға ? 100 мың теңге, «Сардар» ғылыми журналына бір жылға тегін жазылу және құрмет грамотасы, екінші орынға ? бағалы сыйлық, жоғарыда аталған журналға бір жылға тегін жазылу және құрмет грамотасы беріледі, ал үшінші орын алған жеңімпаз құрмет грамотасы мен журналға бір жылға тегін жазылу мүмкіндігіне ие болады.Байқауға кез келген заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. Қатысуға ниет білдірген журналистер ұйымдастырушыларды ескертіп, [email protected] сайтында қатысушы ретінде тіркелуі тиіс. Байқауға қатысушылар наурыздың 17-іне дейін баспасөзде жарияланған мақалаларын, видео-аудио ақпараттарын, жеке куәлігінің көшірмесін, өзінің қысқа өмірбаянын жіберуі керек. Құжаттарды қабылдау мекен жайы: Астана қаласы, Әуезов көшесі, 5 «А», «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ның Бағдарламалар және сараптамалар басқармасы.
Соңғы жаңалықтар