Әскери техника қатары толықты - ҚР Қорғаныс министрлігі

 АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан армиясы теңіз жаяу әскері бригадасы БТР- 82А батальондық әскери техникамен толықты. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 25744 әскери бөлімінің қызметшілері жетілдірілген жауынгерлік техниканы Маңғышлақ стансасында қабылдады.

Әскери техника қатары толықты - ҚР Қорғаныс министрлігі

Гвардия бөлімінің командирі подполковник Мереке Кучекбаевтың басшылығымен 70-ке жуық әскери қызметшілер 40 шақырымдық  жол жүріп тұрақты мекен жайларына келіп жетті. Техниканы қабылдау мен әскери бөлімге жеткізу шараларына Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің өкілі -  ҚР ҚК қару-жарақ басқармасы бас штабының бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов қатысты.

Әскери қалашыққа су жаңа 30 жаңа бронетранспортер колоннасы келген сәтті, жауынгерлердің әріптестері мен отбасылары қарсы алды.

БТР- 82  БТР- 80 бронды транспортердің жетілдірілген түрі. Кешенді жұмыстардың жүргізілуі нәтижесінде техниканың 20 % жетілдіріліп, экипаж, сонымен қатар, құралдар мен жүйелер қауіпсіздігі жаңартылды. Жарқышақ қорғанысының орнатылуы, әскери көлік ішінде экипаждың қолайлы әрі қауіпсіз жұмыс етуіне әсер етеді. Бронетранспортердің атыс қуаты, жылдамдығы арттырылды. Бұл көліктің жолсыз жермен жүру қабілетін жоғарылатты.

Келесі жылғы қаңтардың 10-ына таман, жауынгер көліктермен теңіз жаяу әскерлері далалық жаттығулар ұйымдастырмақ. Ауа-райының қолайсыздығы, қалын қар, суық боран Қазақстан армиясының сарбаздарын шыңдай түспек.

Қай уақытта болмасын әскери дайындықты арттыру - әскери қызметшілердің алған білімін жетілдіре түседі. Жауынгерлік әзірлік жөніндегі барлық тапсырмаларды орындау және оны нығайта түсу мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жаңа әскери техникамен, қару-жарақпен қамтамасыз етіле бермек.