Әскери-теңіз күштерінің старшиналары өздерінің техникалық даярлықтарын жетілдірді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің старшиналары Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусындағы командирлік даярлық бойынша жиындарға қатысты.
None
None

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дайындықтың негізгі мақсаты -жауынгерлік даярлықтың толыққанды ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін старшиналық (сержанттар) құрамының әдістемелік және жауынгерлік дағдысының қажет етілетін деңгейіне қол жеткізу.

Старшиналар мен сержанттарды даярлаудың басты міндеті - жемісті қызмет атқаруы үшін әскери, техникалық және арнайы білімді игеруі тиіс.

Оқыту кезінде оларға рөлдік сабақтар өткізілді. Онда үйренуші командир немесе бағынысты рөлінде күнделікті тыныс-тіршіліктегі кейбір сәттерді, мәселен, бағыныстылар арасында жанжал туындаған кезде командирдің атқаратын іс-қимылдарын көрсетті.

Командирлік даярлық аяқталысымен негізгі пәндері бойынша сынақ өткізіледі. Старшиналар мен сержанттар Т-72 танкінің жалпы тактика-техникалық сипаттамалары мен құрылысын, топография және т.б. зерделеді.

«Мұндай іс-шаралар күнделікті қызметті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамды басқару мәселелерінде старшиналар құрамының білімі мен машығын анағұрлым арттырады және ең маңыздысы, әрбір старшина немесе сержант әскери істің кәсіпқойы болуы тиіс», - деп атап өтті ҚР ҚК ӘТК-нің старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаев.

2 3 4

Соңғы жаңалықтар