Әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Намибия әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы елдің солтүстік батысындағы Хрутфонтейн қаласының әуежайында апатқа ұшырады.

Әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

Төрт адам мерт болып, алтауы жараланды. Қаза тапқандардың ішінде үш жасар бала да бар. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады.

Апатқа ұшыраған Harbin Z-9 тікұшағы ел астанасы Виндхукқа бара жатқан. Ал қалада оның бортына Намибия қорғаныс министрі Нахас Ангула көтерілуі тиіс болатын.