Әскери ұшақ апатқа ұшырады - ұшқыштың тағдыры белгісіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Невада штатында жойғыш ұшқыш апатқа ұшырады. Бұл туралы АҚШ Әскери-теңіз флотының өкілі Райан Перри хабарлады.

Әскери ұшақ апатқа ұшырады - ұшқыштың тағдыры белгісіз

Белгілі болғандай, F/A-18C Hornet ұшағы әскери-теңіз күштері полигонында апатқа ұшыраған. Ұшқыштың тағдыры белгісіз.

Қазіргі кезде оқиға орнына Әскери-теңіз флотының өкілдері жіберілді.

Өкілдің айтуынша, апат себебін анықтау үшін арнайы тергеу амалдары жүргізілетін болады.