Әскери ұшақтың апатынан 11 адам опат болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис аумағында дәрігерлер мен емделушілерді тасымалдаған ливиялық әскери ұшақ апатқа ұшырады. Жергілікті биліктің мәліметінше, борттағы барлық 11 адам ажал құшты.
Белгілі болғандай, ұшақ Тунис астанасының оңтүстігіне қарай орналасқан Громбалия қаласы аумағында құлдилап құлай бастаған.
Тунистік құтқару қызметтерінің мәліметінше, ұшақ бортында үш дәрігер, екі ем қабылдаушы азамат пен экипаждың алты мүшесі болған.
Айта кетейік, медициналық көмек алу үшін ливиялықтар Туниске жиі сапарлайды.