Әскери ұшқыштар алғаш рет түнде жүкті іліп тасымалдап үйренді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әскери-әуе күштері армиялық авиациясының ұшқыштары 19132 әскери бөлімінің базасында еліміздің әуе күштері тарихында алғаш рет түнде ілінген жүкті алып ұшты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Аталмыш ұшулардың басты мақсаты - «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық көрмесін өткізуге экипаждарды дайындау. Түнгі мезгілде әуе көлігіне ілінген жүкпен ұшу түнде «БЕМБИ» су ағызатын құрылғысымен өрт сөндіруші ұшу құрамын дайындауға жаттығудың басы.

Күндізгімен салыстырғанда түнгі жағдайдағы ұшулардың бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың ішінде жер бетінің көрінбеуі, бағдарлардың нашар көріну, жасанды жарықтан бағдарлардың шын бейнесіне сәйкес келмеуі, жарық беретін бағдарларға дейін (адам көзі құрылысының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты) қашықтықты көзбен мөлшерлеуде сәйкессіздіктің айда болуы, ұшудың навигациялық элементтерін айқындау дәлдігінің төмендеуі және көкжиек сызығын анықтаудың төмендеуі.

Сыртқы ілмекте жүкпен ұшу кезінде электр беріліс тораптары, ағаштар және т.б. сияқты жасанды кедергілерді ескеру қажет. Өткізілген оқу-жаттықтыру ұшулары барысында бірқатар ұшқыш баға жетпес тәжірибе жинақтап, түнде сыртқы ілмекте жүкпен ұшуға рұқсат алды.

Атап айтсақ, олар - ұшқыш-инспектор полковник Дастан Бейсенбинов, қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы подполковник Еркін Нәкішев, армиялық авиацияның авиациялық эскадрилья командирі подполковник Ардақ Нұғыманов.

Ұшу құрамынан басқа мұндай ұшуларды қамтамасыз етуде эскадрильяның инженерлік-авиациялық қызметі, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету, парашюттік-десанттық қызметтің жеке құрамы мол тәжірибе жинақтады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар