Әскерилендірілген темір жол күзеті: бейнебақылаумен жабдықтауға бөлінген 159 млн теңгені жымқырғандар сотталды

прокуратура
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС бас директоры Б.Наханов, оның орынбасары А.Мукатаева және ЖШС бас менеджері Р.Сидиковқа қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыптау үкімі заңды күшіне енгенін хабарлады.

«Сот талқылауы барысында сотталушылар теміржол станциялары үшін бейнебақылау жабдықтарын сатып алу және монтаждау бойынша аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен өздеріне сеніп тапсырылған 159 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлағаны үшін айыпталды. Қылмыс дәлелденді», — делінген хабарламада. 

Прокуратураның дерегінше, іс жүзінде жабдық толық жеткізілмеген, техникалық сипаттамаларға сай келмейтін болып шыққан.

«Сидиков бақылаудағы кәсіпкерлерді тауып, бейнебақылау жүйелерін өз бетінше орнатқан. Наханов пен Мукатаева қабылдау актілеріне қол қойып, айқын заң бұзушылықтарға қарамастан мердігерлерге төлем жасаған», — деп хабарлады прокуратурадан.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 7 жылдан 8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот сотталғандардан келтірілген шығынды да өндірді.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum