Әскерилер Алматыдағы классикалық парашют спортының жеңімпазы атанды

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштері Парашют дайындығы орталығының спортшылары және Алматы, Балқаш, Қарағанды, Шымкент,

Әскерилер Алматыдағы классикалық парашют спортының жеңімпазы атанды

Орал қалаларындағы аэроклуб парашютшілері бірнеше күн бойына республикалық біріншілік үшін сынға түскен болатын. Әскери-әуе күштерінің Алматыдағы базасында өткен жарыс Қазақстан Қарулы Күштерінің чемпионаты және классикалық парашют спорты бойынша жеке командалық чемпионаты сынды екі бағытта өрбіп, оған барлығы 15 команда қатысты.

Жарыс барысында спортшылар 1000 метрлік биіктіктен жеке және топ болып секіруді, сондай-ақ 2000 метр биіктіктен акробатикалық фигуралар бойынша секіруді орындады. Ал чемпионатқа төрелік жасау электронды жүйе көмегімен бағалау арқылы жүргізілген болатын. Ұпай сандары бойынша ҚР Қарулы Күштерінің абсолютті чемпионы атағын ҚР Қарулы Күштері Парашют дайындығы орталығының әскери қызметшілері жеңіп алды.

Сонымен қатар, ерлер арасында өткен жеке жарыста екі біріншіліктің де чемпион атағына аталмыш орталықтың бөлімше бастығы аға прапорщик Вячеслав Ли лайық деп танылды. Ал әйелдер арасында бірінші орынды Орталықтың спорттық командасының нұсқаушылары прапорщиктер Наталья Николаева мен Бибігүл Рамазанова жеңіп алды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында өткен чемпионатта да бірінші орынды осы Орталықтың спортшысы кіші сержант Денис Исламов иеленді.

«Классикалық парашют спорты бойынша чемпионаттың басты мақсаты Қарулы Күштерде әскери-қолданбалы маңызға ие парашют спортын дамыту. Жарысқа қатысу арқылы парашютшілер өздерінің спорттық-техникалық шеберліктерін дамытып, халықаралық жарыстарда жеңіске жетуге деген ұмтылыстарын арттырады», - дейді ҚР ҚК Парашют дайындығы орталығының бастығы, бас жаттықтырушы майор Леонид Дудкин.