Әскерилер Бангкок орталығын қоршауға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкоктың орталық көшелеріне полицейлер мен әскери қызметкерлер мыңдап тартылуда. Бұл - әскери төңкеріске қарсы жұрт ереуілінің алдын алу мақсатында жасалып отырған шара, деп хабарлады 24.kz.

Әскерилер Бангкок орталығын қоршауға алды

Елдің күш құрылымдары шаһардың орталығын қоршауға алды. Вокзалдар мен сауда орталықтары жабылған. 2 күн бұрын ғана әскери төңкерістің жетекшісі генерал Прают Чан-Оча барлық саяси тараптарды ынтымақтастыққа шақырған болатын. Оның айтуынша, бітімге келудің бірден бір жолы - бұл ереуілдерге шек қою.

Естеріңізде болса, 22 мамырда биліктің әскерилердің қолына өткені жария етілді. Бірақ осы мәлімдеменің ертеңінен-ақ Бангкок пен елдің өзге де қалаларында әскери төңкеріске қарсы ереуілдер басталып кеткен еді.