Әскерилер заманауи байланыс құралдарын меңгеруде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласындағы «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының базасында қазақстандық әскери қызметшілер үшін «Харрис» радиостанцияларын пайдалануға және оларды «Хаммер» автомобильдеріне орнату тәртібіне оқыту бойынша курс басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскерилер заманауи байланыс құралдарын меңгеруде (ФОТО)

Оқуға «Харрис» байланыс құралдарын орнату, ретке келтіру және пайдалану қағидаттары жөнінде өз білімдерін жетілдіретін «Қазбат» байланысының мамандары тартылды.

«Радиостанциялар Қазақстан мен АҚШ-тың қорғаныс ведомстволары арасындағы бес жылдық ынтымақтастық жоспары және «Бітімгершілік операциялар бойынша жаһандық бастама» (GPOI) бағдарламасы шеңберінде «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонын жасақтау үшін 2015 жылы АҚШ Үкіметімен ақысыз негізде жеткізілген», делінген хабарламада.

Радиостанциялар «Қазбаттың» жауынгерлік даярлығы үдерісінде таптырмас құрал және НАТО стандарттары бойынша толығымен үйлескен. Бұл «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуы, оның ішінде 2014 жылы Германияда өткізілген оқу-жаттығу барысында бірнеше мәрте расталды.

2
3
4
5