Әскерилерді түскі аспен қамтамасыз етуге бюджеттін 1,5 млрд теңге бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскерилерді түскі аспен қамтамасыз етуге бюджеттін 1,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.
None
None

«Заң жобасында республикалық бюджеттен қосымша шығысты талап ететін бір өзгерту бар. Атап айтқанда, 1,5 млрд теңге ҚР Қорғаныс Күштерінің әскери қызметшілерін түскі аспен мемлекет есебінен қамтамасыз етуге көзделеді. Бұл ұсыныс республикалық бюджет комиссиясында былтырғы жылдың соңына таман қаралып, тұжырымдамалы түрде қолдау тапты», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.
Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау әскери қызметшілердің, қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін нығайтуға септігін тигізеді. «Қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдарға азаматтардың қызығушылығын арттыру да қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, Қазақстанның тұтастай қорғаныс қабілетін, әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың мәртебесін арттыру жолымен ұлттық қауіпсіздікті нығайту қамтамасыз етіледі. Қазақстанның қорғаныс саласындағы міндеттеріне, төмен және орташа жанжалдардың жолын кесуге қарулы күштер мен басқа да мемлекеттік органдарды даярлауға мән беріледі», - деді министр орынбасары.

Соңғы жаңалықтар