Әскерилердің қарудан оқ ату деңгейі тексерілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының маңындағы 68665 әскери бөліміне ҚР Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының кейбір құрылымдық бөлімшелері әскери қызметшілердің оқ ату даярлығының деңгейі тексерілді.

Әскерилердің қарудан оқ ату деңгейі тексерілді (ФОТО)

Министрілктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Макаров тапаншасы және Калашников автоматымен нысана көздеді.

Жауынгерлік департаменті атап өткендей, оқ ату даярлығы айрықша көрсеткіш болып табылады. Дене, саптық, кәсіби даярлықпен қатар жалпы жауынгерлік әзірлігінің жалпы көрсеткіші жасалады. ҚР Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының барлық әскери қызметшілері оқ ату даярлығы бойынша сабақтарды жақсы деңгейде өткізді.

Одан басқа, жауынгерлік кезекшілікке түсу үшін табельді қарудан сынақ атыстары ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамымен де өткізілді. Жауынгерлік кезекшілікке түсе отырып, әрбір әскери теңізші жауынгерлік кезекшілікті атқаруға шынымен дайын екенін дәлелдеуі тиіс және әзірліктің маңызды мәселелерінің бірі табельді қаруды меңгеру болып табылады.

2
3
4
5
6
7
8