Әскерилерге қызметтік тұрғын үйді жалдау қағидаларына өзгеріс енгізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызметтік тұрғын үйді жалдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағнда, бұйрықтың жаңа редакциясы ҚР Қорғаныс министрлігінің аудандық тұтыну бөлімдері арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасын көздейді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 9 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар