Аслан Сәрінжіпов төрт қыздан кейін ұлды болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрын білім және ғылым министрі қызметін атқарған Аслан Сәрінжіпов төрт қыздан кейін ұл сүйді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аслан Сәрінжіпов төрт қыздан кейін ұлды болды

«Қадірлі достарым! Төрт қызым інілі болып, жанұям қуанышқа кенелуде!» деп жазды ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Сәрінжіпов білім министрі қызметінен кейін «Назарбаев Қоры» президенті және «Nazarbayev University» қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып тағайындалған.

Аслан Сәрінжіпов 1974 жылы  17 сәуірде дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Экономикалық университетін, Вена қаласындағы дипломатикалық академияны тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғарғы білімді әкімшілендіру саласындағы Пенсильвания Университетінің докторы.

Оның жұбайы - Анар Сәрінжіпова.