Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова Париж Олимпиадасының ашылуында қандай киіммен шығады

Асланбек Шымбергенов пен Надежда Дубовицкая Париж Олимпиадасының ашылуында қандай киіммен шығады
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Туризм және спорт министрлігі Париж Олимпиадасының ашылу және салтанатында қазақстандық спортшылар қандай киіммен шығатынын айтты.

«Назарларыңызға ерлер мен әйелдердің парадтық костюмі ұсынылып отыр. Әйелдердің парадтық костюмі 8 дана (басқа тағатын тәж пішінді дөңгелек аксесуар, жейде, галстук, пиджак, шалбар, юбка, шұлық, спорттық аяқ киім). Ерлер костюмі 7 дана (тақия, жейде, галстук, шалбар, пиджак, шұлық, аяқ киім). Парадтық костюмді спортшылар мен делегация Олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылу салтанаттарында киіп шығады», - делінген министрлік мәліметінде.

Министрліктегілер спортшылардың костюміне бастырылған оюларға жеке тоқталды. 

киім
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

«Ұлттық оюлардың элементтері тек сән-салтанат үшін басылған жоқ, қазақстандықтардың әлемді қабылдауы мен эстетикалық талғамынан хабар беретін тарихи, символикалық мәні де бар. «Мүйіз» ерлік пен қорғаныштың, күштің символы. ⁠«Қос мүйіз» мүйіз элементі бейнелейтін ұғымдарды бірлікпен, үйлесіммен ұштастырады. «Қаз мойын» спорттағы икем мен ептілікті, әсемдікті бейнелейді», - деп жазылған министрлік ақпаратында.

киім
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
киім
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
киім
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар