Асо жанартауы атқылап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның басты метеорологиялық басқармасы Кюсю аралындағы Асо жанартауының атқылауына байланысты өңірде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады www.24.kz.
Көкке шапшыған күлдің биіктігі 1000 метрге дейін жеткен. Билік тұрғындарға бұл аумаққа бір шақырым қашықтықтан артық жақындауға тыйым салды.