Аспанасты елінде қолдан жаңбыр жаудырылды

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Табиғаттан тарту болмаған соң, қытай метеорологтары бейсенбі күні ұшақтар мен зымырандардың күшімен Бейжіңде қолдан жаңбыр жауғызды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұлай етуге Бейжің мен оның төңірегіндегі елді мекендерде 1951 жылдан бері алғаш рет орын алып отырған құрғақшылық себеп болып отыр. Соңғы рет өткен жылдың күзінен бергі (2008 жылы қазанның 24-інен бастап) 110 күннің ішінде Бейжің төңірегінде жауған жауын-шашын небәрі 1,1 мм. ғана құрап отыр, осы жайт ауаның сапасына теріс әсер етіп қана қоймай, аймақта орман өртінің пайда болу қаупін туғызды.
Соңғы жаңалықтар