Аспанда туған егіздер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутия азаматшасы Ан-24 ұшағының бортында егіз баланы дүниеге әкелді.

Аспанда туған егіздер

Белгілі болғандай, сейсенбіде Зырянка-Якутск бағдары бойынша жолға шыққан елді мекен тұрғыны «Полярлық әуе желісі» әуе компаниясы ұшағының бортында екі нәрестені туды. Келіншектің толғағы жолдың ортасында басталған. Абырой болғанда, оның жанында акушер бірге еріп шыққан. Бірінші қыз бала ұшақтың төмендеген кезінде, ал екіншісі 15 минуттан кейін, яғни әуе кемесінің қонған уақытында дүниеге келді.

Якутск әуежайында анасы мен екі сәбиді жедел жәрдем мен дәрігерлер күтіп алды.

Қазіргі кезде нәрестелер мен олардың анасының жағдайы жақсы көрінеді. Атап айтқанда «Полярлық әуе желісі» компаниясының тарихында бұндай оқиға осы мен үшінші рет қайталанып отырған екен, деп жазады ВВС.