Аспанмен тілдесу - «ҚазАқпарат» ХАА Гималайда (ФОТОРЕПОРТАЖ)
КАТМАНДУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әлемдегі ең биік тау Гималайда болды. Гималай таулары, соның ішінде жердің ең биік нүктесі Эверест шыңы (8848 м) орналасқан Непал еліне сапар туралы біздің фототілшінің арнайы репортажынан біле аласыздар.
***
Непал - материалдық жағынан кедей мемлекет болғанымен, рухани дәстүрге бай ел. Басты дін - Индуизм. Алайда бұл ел буддизмнің отаны екені барлығына аян. Мемлекеттің оңтүстігінде Лумбини аймағында 2500 жыл бұрын шакья тайпасының ханзадасы Сиддартха Гаутама дүниеге келді. Кейін ол Будда атанды. Өткен ғасырдың ортасынан бастап Непал шетелдіктердің келуі үшін шекарасын ашты. Осы кезден бастап өмірдің мәнін іздеген еуропалықтар осында ағыла бастады.
Аннапурна таулы алқабы (8091 м).
Мачапучре («Балық құйрығы») тауы, негізгі лагерьдің биіктігі - 3700 м.
Аннапурнаның негізгі лагеріне Наяпул қаласынан көтерілудің сызбасы
Кедей, бірақ бақытты адамдардың елі
Непалдық бала Қасқыр белгісін көрсетуде. Олар аталған жануарды құрметтейді.
Мұндағы балалар тәттілерді ұсынатын туристерді жақсы көреді. Сондықтан мұз кәмпиттер ала баруыңызға кеңес береміз.
Жүгері - бұл қыздардың күнделікті тағамдары, өйткені олардың аналары жүгері плантациясында жұмыс істейді.
Жолдағы алғашқы көпір. Наяпул қаласынан сапарға шықтық.
Бұл алғашқы «чек-поинт». Мұнда барлық туристер тіркеуден өтуі тиіс. Осылайша оқыс оқиға болып қалса, бізді оңай табуға болады.
Жол бойы дәрілік шөптер кездеседі.
Біздің портер, киім тасушы әрі провианта . Ол сусыз, тамақсыз жолға шыққан. Шаршағанын білдіртпесе де су ұсындым. Бір жарым литрлік суды мұнда 25 непалдық рупиге = 50 теңгеге сатып алуға болады.
Таудағы өзендер
Мына жалғыз аяқ жол қалалық саябақ сияқты жайлы болғаны соншалық, сол жердегі жыландарды да аңғармадық.
Жіңішке ғана жалғыз аяқ жол. Бастысы - еш жаққа бұрылмау. Мұнда аяққа салмақ түседі.
Жоғарыға көтерілген сайын табиғаттың әсем көрінісі де ауыса бастайды
Сиқырға толы орман
Аннапурна таулы алқабының кей жерінде WiFi табуға болады. "Гест-хауста" тоқтау үшін 200 рупи = 400 тг қажет. Тәтті ұйқыға кетер алдында таңғы асқа тапсырыс беріп қойған абзал.
Артём Тырин. Астан адан барған саяхатшы . Альпинист.
Еуропалық туристер
Жіңішке бөренелерден жасалған көпір.
Темір құрылым бір жақтан екінші жаққа қозғалған кезде «Мұндай көпір арқылы әркім қауіпсіз өтетініне сенеді» деп көңілімді көншіттім.
Ескі баспалдақ-жолдар.
Мынандай вертикалды жолдармен өттік.
Трэкерлер көп жағдайда шұлықтармен, бір шөлмек су, жылы киім-кешек, суды тазартуға арналған дәрілер, бинт, туристік пышақ, фотоаппарат және ноутбукпен жабдықталады.
Біздің астаналық жігіттер.
Трэкерлер - белсенді туристер. Олардың негізгі ісі - сапарлар, құзға шығу, альпинизм, экстрималдық жағдайларға физикалық тұрғыда бейімделу.
Мұздықттардың еруінен пайда болған сарқырама. Судың дәмін татып көргеніме өкінбедім.
Тауда ылғал жоғары. Киімімізді күн сайын кешке кептіруге тура келді.
Таудағы непалдық қонақүй
Мына көне ағаштың тамыры тау бөктерінің бойымен ондаған метрге жайылып кеткен
Непалдықтар жүкті маңдайына жәшік салып тасиды. Ерлер де, әйелдер де 60 келіге дейінгі салмақты көтереді.
Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін еңбекқор непалдықтар газ баллонын теңіз деңгейінен 5 000 метр биіктікке көтереді
Тауда жиі кездесетін проблема - ауаның жетіспеушілігі
2900 метр биіктіктегі тау көрінісі
Непалдағы қонақүйлерді жабдықтауды мемлекет қаржыландырады
Қазақстанда да туристерге арналған осындай қонақүйлерді жасақтауға болады
Әр жерден тау мен аспанның ерекше көрінісін байқауға болады
Мен буддист емеспін ... бірақ медитация шаршағандықты басады
Әлі үш күндей қайта таудан түсу керектігін біле тұра: «Міне, көптен күткен негізгі лагерь»,- деп қуандым
Аннапурна атауын санскриттен «Шұрайлылықтың әйел құдайы» деп аударылады.
Покхара қаласы, Наяпул қаласына шығатын жер
Мачапучре мен Аннапурна II (оң жақта) көрініс
Гималайдағы күннің шығуы
Читван Ұлттық саябағы. Сүт қоректілердің 50 түрі мен құстың 400 түрі мекендейтін бұл саябақ ЮНЕСКО тізіміне кірген.
Читван қаласы
Ауа райының ыстық болуынан мына піл су қоймасына кіруге мәжбүр болды
Әйелдердің демалатын уақыты жоқ, олар кірпіш тасуда...
... а л ерлер болса балаларын бағып, су сатуда
Кейбіреулері сатып жатып қалғып кетуде. Айта кету керек, дүкендегі бағалар үкіметтің бұйрығымен бекітіледі. Мақсат - неғұрлым көп туристерді тарту
Ең қолайлы, әрі кең таралған көлік - мотоцикл
Ұқыпсыздық танытып, аздап жарақаттандым
Жас қыздар қодас жүнінен күртелер дайындауда
Читван. Непал халқының шынайы өмірі
Күйеуін жоғалтқан әйел, индуизм дәстүрі бойынша шашын тақыр қылып алады
«Терезесіз және есіксіз», алайда торлары бар мектеп ерекше әсер берді
Дүкендердің бірінде сатушы дзэнге бату дәстүрін көрсетті
Оның есімі Бинут, 6 жаста. Ол қонақүй иесінің балаларының бірі
Лумбини. Корейлік храм.
Оның (Пагоданың) ішкі жабдығы
"...үздік ракурсты іздеу үстінде..."
Лумбини. Будда ағашы.
Сурет сатушының қызы. Оның бауыры суретші. Осыдан 2 метр жерде өз өнерін көрсетуде
Өлілер өзені
Лумбини. Кез-келген буддалық ел ғибадатхана сала алатын жер
Д ә урен М ұ хаммед